«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша ОҚО Ордабасы ауданының шамамен 200 тұрғыны бизнес үшін несие алды

"Ауыл тұрғындары цехтар, шеберханалар, фермалар ашып жатыр. Өткен жылы 193 адам жалпы сомасы 555 млн. 800 мың теңге болатын несие алды. «Еңбекпен қамту 2020» бағдарламасы бойынша өз ісін ашқан бұл адамдар жаңа жұмыс орындарының ашылуына сеп болды", - деді ОҚО Ордабасы аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының директоры Эльмира Бердімұрат.
Ауданда аты кең тараған массаж жасаушы да осы бағдарлама бойынша несие алды. Көру жағынан кемістігі бар Бақытбек Өтемұратов үйінде массаж кабинетін ашты. Мүгедек ауыр дертке тап болғандарды да аяғына тұрғызады. Алдымен Бақытбек үйіндегі бөлмелердің бірін массаж кабинеті қылып жарақтандырған. Алайда келушілердің саны көп болғандықтан, ол әкімдікке көмек сұрап барған. Мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен ол несие алып, жаңа ғимарат салды. "Көптеген адам өзге қалалардан келеді. Сондықтан олардың уақытша паналайтын жері жоқ. Сондықтан тағы бір ғимарат керек деп ойлаймын", - деді Бақытбек Өтемұратов.
Өзге ауыл тұрғындары да қарап қалып жатқан жоқ. Олар да ойдағы бизнес-жоспарларын жүзеге асыруға кірісті. Осылайша біреулер мал өсіре бастады, біреулер оны союмен айналыса бастады. Енді біреулер перделер, костюмдер мен ұлттық киімдер тігетін тігін шеберханаларын ашты. Жергілікті әкімдікте әр ауыл тұрғынының идеясын назар салып тыңдайды. Өйткені олардың ісі өрге домалап, жаңа жұмыс орындарының ашылу мүмкіндігі бар.