«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы ОҚО тұрғындарыына жаңа мүмкіндіктер берді

Жас кәсіпкер Үсен Орманов 2 миллион теңге несие алды. Ол енді малын 15-тен 45 басқа дейін өсіре алады. Кәсіпкер айына 15 мың теңге төлейді, несиенің мөлшерлемесі 6,5 пайызды құрайды. Бизнесті дамытуға қаражаттың бір бөлігін жас жігіт өз салды, несиемен бір жыл ішінде есептеспек, ал болашақта ол ет өңдейтін және шұжық цехын ашпақ.
Тағы бір кәсіпкер - Владимир Бобров Оңтүстік Қазақстандағы сирек кездесетін бизнес түрі - саңырауқұлақ өсіруге мүмкіндік алатын болды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкер 3 миллион теңге несиеге ие болды, ол несиесін мерзімінен бұрын жабуды жоспарлауда. Кәсіпкер саңырауқұлақ өсірумен қатар оңтүстікте болашақ саңырауқұлақ өсірушілер мектебін ашып, өз тәжірибесімен тегін бөлісуде. Саңырауқұлақ егісі бір маусымда 4-5 рет өнім береді, оны өткізуде проблема жоқ.
Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен барлығы 37 мыңнан астам адам қамтылды. Бұл елде осы бағдарламамен қамтылғандардың 37 пайызы, оңтүстіктегілердің 70 пайыздан астамы басқа мамандықтарды игеріп, жұмысқа орналасты.
Облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаевтың айтуынша, Жұмыспен қамту бағдарламасының арқасында жыл сайын жұмыссыздық деңгейі азая түсуде. Оның сөзіне қарағанда, бағдарлама жыл сайын жұмыссыздық деңгейін 1 пайызға кемітіп отыр. «Биылғы жылы біз экономикалық белсенді халықтың жалпы санындағы жұмыссыздықты 5,5 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз, өткен жылы бұл көрсеткіш - 5,6, бұрнағы жылы - 5,7 пайыз болған еді», - деді ол.