«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы Павлодар облысының кәсіпкеріне автокөліктерге техникалық қызмет көрсететін орталық ашуға мүмкіндік берді

Бұл туралы pm.kz сайты жазады.
«Соңғы жылдары ауданымызда көлік саны көбейді, алайда оларға қызмет көрсететін орын жоқ. Көлік иелері Павлодар қаласына барады. Сондықтан мен бұрыннан бері Шарбақты ауданынан қазіргі талаптарға сай автокөліктерге техникалық қызмет көрсететін орын ашуды көздеп жүргемін, алайда жеке қаражатым жеткіліксіз болды. Өткен жылы мен аудандық басылым бетінен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы туралы хабарландыру оқыдым. Бірден Жұмыспен қамту орталығына жүгініп, бизнес-жоспарымды әзірледім. Менің жобам мақұлданды», - дейді Ж.Қарашашев.
Бағдарлама қатысушысы 3 млн. теңге көлемінде шағын несие алды. «Тағы осындай мөлшердегі қаражатқа мемлекет Техникалық қызмет көрсету орталығының бүкіл инфрақұрылымын жүргізіп береді», - дейді ол.
Кәсіпкер орталық құрылысын ағымдағы жылдың қазан айында аяқтауды көздеп отыр. Техникалық орталықта көліктерді жуудан бастап, оларды диагностикалау мен жөндеуге дейінгі қызметтің барлық түрі табылмақ
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы дер кезінде қолға алынған бастама. Біз сияқты кәсіпкерлер үшін мемлекетпен жұмыс істеу өте тиімді. Мен шағын несиені жылына 6 пайыздық мөлшерлемемен, негізгі қарызға төленетін төлемді бір жарым жылға кейін қалтыру мүмкіндігімен 5 жылға алдым. Коммерциялық банкттердің ешқайсысы да мұнай несие бермейді», - деп өз ойын жеткізді Ж.Қарашашев.
Жаңа техникалық орталық іске қосылса 15 тұрақты жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, аудан орталығында тұратын тұрғындар арасынан көліктерге техникалық қызмет көрсету орталығының құрылысына кірпіш қалаушылар мен басқа жұмысшылар тартылған.
Павлодар облысы Шарбақты ауданы Жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сүйенсек, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсету» атты ІІ бағыты аясында 2011 жылы өз ісін ашу үшін немесе қазіргі ісін дамыту үшін аудан бойынша 17 адам жалпы сомасы 34,9 млн. теңге несие алған.