11:21, 21 Наурыз 2013 | GMT +5
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 6385,1 млн. теңге бөлінді - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін екі жылда 8,5 млрд. теңге бөлініп, 13 мыңнан астам адам жұмысқа тартылған.

Ал биыл республикалық бюджеттен 6 385,1 млн. теңге қаржы қарастырылып отыр.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Жазира Жылқышиеваның айтуынша, қомақты қаржы есебінен алдағы уақытта 2 мың адам оқытылып, 390 адам кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгереді. Алда 12 мыңнан астам тұрғынды әлеуметтік жұмысқа, 1 200-дей адамды жастар тәжірибесіне тарту жоспарланып отыр. Шағын несиелендіруге 800-ге тарта адам қатысады.
Бағдарлама төрт бағытты қамтиды. Соның ішінде мемлекет тарапынан ауылдарда кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсетіліп, болашағы бұлыңғыр елді мекен тұрғындарын облыс орталығына көшіріп әкелуге мүмкіндік жасалады.