18:35, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр - Мәжіліс депутаты Г.Есімбаева
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 180 несие беріліп, екі-ақ жұмыс орны ашылған.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен жиында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын бақылаушы сарапшылар тобының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлмира Есімбаева мәлім етті.
Оның хабарлауынша, бүгінде мемлекеттік бағдарлама аясында бөлініп жатқан қыруар қаржы тиімді түрде жұмсалып жатқан жоқ. «Мәселен, Қостанай облысында 180 адам несие алып, екі-ақ жаңа жұмыс орны ашылды. Оларға 176 млн. теңге берілді ғой. Негізі, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында бюджеттен барлығы 20 млрд. теңге бөлінген. Өкініштісі сол, бүгінде ол қаржы тиімді жұмсалмай отыр», - деп атап көрсетті Г.Есімбаева.