10:51, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша газэлектрдәнекерлеуші біліктілігін көтеріп, жұмысқа орналасты
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - К. Саттарбаев Жұмыспен қамту бағдарламасына қатыспай тұрып, 4-ші дәрежелі газэлектрдәнекерлеуші мамандығымен тұрақты жұмыс таба алмаған.

Алматы облысының Ілеу ауданындағы Жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келген ол «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қатысушылар тізіміне ілікті.
Оны мамандығы бойынша Өтеген батыр кентінің «Альтернива» кәсіби лицейіне біліктілігін арттыру үшін 3 ай бойы курстан өтуге жіберді. Оқу барысында оған шәкіртақы төленіп тұрды. Оқуды аяқтаған соң К. Саттарбаев тұрақты жұмыс орнына - «Dolce-Pharm» ЖШС-не орналастырылды.