Жұмыспен қамту: Оралда 20 адам 53 млн. астам теңге несие алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында биыл Орал қаласындағы жұмыспен қамту орталығына 140 млн. астам теңге бөлінді.
None
None

Орталық директорының орынбасары Сағира Бимұхамбетованың сөзіне қарағанда, аталмыш бағдарлама үш бағыт: инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу, тірек елді мекендерін дамыту мен жұмыс берушінің қажеттілігіне қарай оқыту және көшіру арқылы жұмысқа орналасуына ықпал ету бойынша жүзеге асырылуда. Бірінші бағыт бойынша қалада Круглоозерный, №7 орта мектептері, сондай-ақ №6 «Шолпан» балабақшасы жөнделіп, 142 жұмыс орны ашылуы керек болса, соның 72-сіне мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар орналастырылған. Екінші бағыт бойынша несие алуға 40 үміткер кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Барлық жоспарланған 27 жоба қалалық комиссия тарапынан қолдау тапты. Күні бүгін 20 адам 53 млн. астам теңге несиеге қол жеткізіп, өз кәсіптерін ашуда. Бұл жобаларды жүзеге асыру кезінде бағдарламаға қатысушылар үшін 84 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Үшінші бағыт бойынша нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға 148 адамға 18,758 млн. теңге бөлінген. Осыған сәйкес адамдар кәсіби біліктіліктерін арттыруды жалғастыруда. 2010-2014 жылдары оқуын аяқтаған 210 бағдарлама қатысушысының 181-і еңбек орнын тапқан.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 173 адамға 26 млн. теңге қарастырылды. Күні бүгінге дейін 73 жұмыс берушімен келісімшарт жасалып, 175 адам орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарында 2012-2014 жылдары жасаған 265 адамның 109-ы тұрақты жұмыс орнын тапты. Жастар тәжірибесіне сәйкес 352 адамға 69,2 млн. астам теңге бөлінсе, 143 кәсіпорын-мекемемен келісімшарт жасалып, 395 жас маман жіберілді. Жастар тәжірибесін 2012-2014 жылы аяқтаған 404 жастың 207-сі еңбекке орналастырылды.

Жалпы, жұмыспен қамту орталығында 1151 адам қажетті кеңес алып, 775 азамат мемлекеттік қолдау шаралары бойынша әлеуметтік келісімшартқа қол қойды.

Соңғы жаңалықтар