«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша Алматыға 2 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді - Б. Байбек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Алматыға 2 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлді. Бұл туралы бүгін Алматыда 6-шы шақырылымдағы қалалық Мәслихаттың 7-ші сессиясы барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.
None
None

«Жалпы, ел үкіметі дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бойынша Алматыға 2 млрд. жуық теңге бөлді. Бұл қаржы қалаға қосылған аумақтарда инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған», - деді әкім.

Ол сонымен қатар, бөлінген қаржының түптеп келгенде ауылдық жерлерді дамытуға жұмсалғанын және қалаға қосылған жерлерді есептегенде, Алматының аумағы екі есеге ұлғайғандығын атап өтті.   

Сондай-ақ, қала басшысы қазіргі таңда Президенттің тапсырмасымен Үкіметтің экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік инвестицияны дамыту бойынша тиісті шаралар қабылдап жатқандығын еске салды. 

Соңғы жаңалықтар