«Жұмыспен қамту» жол картасы: Еңбек министрі аралық нәтижелерді баяндады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Жұмыспен қамту» жол картасы аясындағы көрсеткіштерді баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жұмыспен қамту» жол картасы бойынша 6 373 жоба жүзеге асырылуда. Тамыз айын қоса есептегенде 552 млрд теңге қаржыландырылды. Бүгінде оның 71,5 пайызы игерілді. Жобаларда 154 мың адам жұмыс істеуде, оның ішінде 73 пайызы ауылды елді мекендерде, 37 пайызы жұмыссыз жүрген жастар, 17 пайызы кеше ғана бейресми жұмыспен айнасып жүргендер және 9 пайызы аз қамтылған отбасы мүшесі», - деді министр онлайн режимде өткен Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, құрылыс және жөндеу жұмыстарында 90 пайыздан кем емес ұлттық кәсіпорындардың тартылу талабы сақталуда.

«Жұмысқа тартылған 154 мың адамға 75 миллиард теңгеге жуық қаражат еңбекақы мақсатында жұмсалды. Отбасы мүшелерімен қосқанда 600 мыңнан астам адамға табыс көзі қамтамасыз етілді. Орташа жалақы 130 мың теңге көлемінде қалыптасты. Жобаларға қатысқан бизнес субъектілері 370 млрд теңгеге тапсырыс алды. Әкімдермен бірлесе бағалау бойынша 19 мыңға жуық орта және шағын бизнес өкілдері мердігер, құрылыс материалдарын сатушы ретінде қатысып, кемінде 114 мың жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік алды, - деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов.

Ведомство басшысының айтуынша, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында жоспарланған жұмыс орындарына халықты тартуда көрсеткіштер жоғары.


Соңғы жаңалықтар