15:15, 23 Желтоқсан 2013 | GMT +5
«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес Қазталовта бес бірдей үй пайдалануға берілді - БҚО
ОРАЛ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша аудан орталығы Қазталов ауылында бес үй бой көтерді.

Жаңа үйлерге экономикалық әлеуеті төмен Жұлдыздан 4, Хайруш елді мекенінен 1 отбасы көшіп келді.
Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Бисенғали Хайруллин Жаңа жыл қарсаңында баспаналы болғандарды құттықтап, олардың мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жұмыспен қамтылатынын да жеткізді.
Жұлдыз ауылынан қоныс аударған Жәрдем Ақаевтың айтуынша, жаңа үйлерде барлық жағдай жасалған. Суы, газы кіріп тұр. Әсіресе, балалардың қуанышында шек жоқ.