Жұмысшыларына жалақы төлеуге келген кәсіпкерді тонап кеткен – Қостанай

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық полицейлер кәсіпкердің ұрланған ақшасын қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Полиция мәліметіне сүйенсек, 51 жастағы қостанайлық кәсіпкер жұмысшыларына жалақы төлеу үшін құрылыс нысанына келген. Сол сәтте оны белгісіз біреулер тонап кеткен. Кәсіпкердің қол сөмкесінде 200 теңге ақша мен құжаттар болған.

«Жұмысшылар бірден полиция шақырған. Патрульдік полиция жасағы мен жедел-тергеу тобы оқиға орнына үш минут ішінде келді. Жәбірленуші полицейлерге күдіктілердің қай жаққа қашқанын көрсетті. Іздеу нәтижелері бойынша 24 және 27 жастағы Тобыл қаласының тұрғындары ұсталды. Сот шешімімен олар әр түрлі мерзімге сотталды», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз маманы Кенже Қонысбай.

Осылайша, кәсіпкердің қаражаты мен құжаттары қайтарылды. Тиісінше, ол тергеуші Дана Малянина, жедел уәкіл Арлан Масақбаевтың және Өзбекали Қалидің атына алғыс хат жазды.

Соңғы жаңалықтар