Жұмыссыздықпен күрестің қарқыны ешбір бәсеңдемейді - Қызылорда

басқармасының бастығы Ирина Киммен әңгімелескен еді.
- Ирина Леонидовна, облысымызда өткен жылы жұмыссыздықты еңсеру бағытында көптеген шаруалардың атқарылғанын білеміз. Осы істер биылғы жылы қандай бағытта жалғасын тауып жатыр?
- Елбасымыз былтырғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауында халықты жұмыспен қамтудың өңірлік стратегиясын айқындап бергенін білесіздер. Бұл бағытта атқарылған істер өз жемісін берді. Аймақтағы жалпы жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Қолға алынған шаруалар жалғасын тауып жатыр. Үстіміздегі жылдың 1 маусымына нақты 7208 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жыл көрсеткішінен 44,2 пайызға артық. Осы уақыт ішінде облыс бойынша 33 рет жәрмеңке ұйымдастырылып, 331 жұмыс беруші 1342 бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде 684 адам тұрақты кәсібін тауып, 927 адам кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына жолданды, 651 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасы бағдарламасымен жұмысқа орналасты. Әу баста межеленген 8670 жаңа жұмыс орны болса, 5235 жұмыс орны құрылып, ол 60,4 пайызға орындалып отыр. Бұған қоса 6810 жұмыссызды қоғамдық жұмыстарға тарту қаралса, қазіргі уақытта 4177 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, оған бюджеттен 108,8 млн. теңге төленді. Сонымен қатар жыл басынан бері 112 әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылып, оған қатысушыларға жергілікті бюджеттен 1,3 млн. теңге берілді. Мұнан өзге кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына 1002 адам жіберілді.
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мақсатында мекемелермен жасалып жатқан келісімшарттар мен «жастар тәжірибесін» кеңейту бағытындағы істерге тоқтала кетсеңіз?
- Бұл бағытта 179 мекеме және кәсіпорындармен келісімшарт жасалып, 1099 адам жұмысқа орналасты, осылайша есепті кезеңге қаралған 47,3 млн. теңге толығымен игерілді. Жұмыс орындарын ұйымдастыру мен «жастар тәжірибесін» кеңейтуге барлығы 480 млн. теңге қаралған. Оған 1500 әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру және 2500 адамды «жастар тәжірибесіне» жіберу жоспарланып, іске асуда. Мамандарды даярлау және қайта даярлауға 3517 адам жіберілді, былтырғы жылдан оқып келе жатқандар 2362 адам, бұл мақсатқа 266,5 млн. теңге бөлініп, игерілді.
- Бұған дейін әлеуметтік әріптестік негізінде бірқатар шаруалар атқарылды. Биылғы жылдың жоспарында қандай міндеттерді атқару көзделген?
- Облысымызда 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бас келісімнің негізінде 140 тараптан тұратын үшжақты келісім қабылданып, бекітілген іс-шаралар жоспары аясында өзара қабылданған міндеттемелерді орындау жұмыстары ұйымдастырылуда. Ұжымдық шарт жасасу мониторингі бойынша жасалынған келісімшарттардың саны - 2174-ке жетті, бұл облыста жұмыс істеп тұрған мекеме санына шаққанда 44 пайызды құрайды. Меморандумдар негізінде аймақтағы инфрақұрылым дамытылады. Оның ішінде балаларға арналған ойын алаңдарының құрылысы, мүгедектерге арналған қайырымдылық көмек, әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Биылғы жылдың наурыз айында облыс әкімдігі мен ірі мұнай компаниялары арасында облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың өзара ынтымақтастығы туралы 5 меморандумға қол қойылды. Олар: «Петро Қазақстан ҚұмкөлРесорсиз» АҚ өңірдегі түрлі мәдени-әлеуметтік, инфрақұрылымдық шараларды жүзеге асыруды қолдауға бағытталған жобаларды қаржыландыруға 3 млн. доллар көлемінде, «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ - 500 мың доллар, «Қор» мұнай компаниясы АҚ - 60 млн. теңге, «ҚуатАмлонМұнай» ЖШС - 100 млн. теңге, «Саутс Ойл» ЖШС Қызылорда қаласындағы теннистік корт орналасқан спорт кешенінің жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға және осы жылдың ішінде кешенді салуға 300 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінеді.
- Әлеуметтік тапсырыстарды орындауда үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары қалай ұйымдастырылуда?
- Биылғы бір көзден сатып алу бойынша өткізілген конкурстың қорытындысында комиссия шешімімен 8 млн. 203 мың теңгеге конкурс жеңімпазы болып Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігі атынан Қызылорда облыстық филиалы болып танылды. Бүгінгі күнге дейін Ұлы Отан соғысы мен еңбек, Ауған соғысы ардагерлері, Батыр ана, мүгедектер мен басқа зардап шеккендер үшін қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылды. Қоғамның әлжуаз топтарын мемлекеттік кәсіби және басқа да мейрамдарға қатыстыру, семинар-тренингтер мен кездесулер өткізу сынды бірқатар жұмыстар атқарылды.
- «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі жобасы қолға алынғалы шетел жұмыс күшін тартудың қажеттілігі туатыны белгілі. Бұл мәселенің шешімі қалай болуда?
- Дұрыс айтасыз, халықаралық автобан өте үлкен құрылыс. Оған шетел мамандарының тартылуы да заңдылық. Облыс бойынша бүгінгі күнге 1754 шетел мамандарын тарту белгіленген, оның ішінде 1-2 санат бойынша 1479 бірлік, 3- санат бойынша 275. Ал «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасына сәйкес өткен жылмен салыстырғанда квота жеті есеге көбейді. Облыс көлемінде бірлескен 23 кәсіпорын жұмыс атқарады. Ондағы қазақстандық мамандардың саны 5569 адамды құрайды. Арнайы рұқсат бойынша 272 шетел азаматтары жұмыс жасайды. Жыл басынан бері 1422 қазақстандық азамат даярлау және қайта даярлаудан өтті. Олар үшін 650 қосымша жұмыс орындары құрылды, 6 шетелдік азамат біздің кадрлармен алмастырылды.
- Аймақтағы жұмыссыздықпен күрес бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде біршама мәліметтер келтірдіңіз. Енді әлеуметтік сала бюджетінің жағдайын да біле отырсақ...
- Үстіміздегі жылдың бес айында әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру бюджеті 2 036,5 млн. теңгені құрады. Арнайы әлеуметтік қызметтер стандартын енгізуге психикалық-жүйке аурулар интернатына қосымша 15 штат бірлігі, Қазалыдағы осындай интернатқа 13 штат бірлігі, барлығы 34,4 млн. теңге бөлінсе, ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйіне 43,2 млн. теңге қаралып, қосымша дәрігерлер мен мұғалімдер, дефектологтар, ЕФК нұсқаушысы, әлеуметтік қызмет мамандары, барлығы 45 штат бірлігі қосылды. Медициналық-әлеуметтік мекемелердегі тұрғындарға арнайы бекітілген тамақтану нормасы бойынша мемлекет қамқорлығындағыларды сапалы тамақтанумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен 80,3 млн. теңге бөлінді.
Облыстық бюджеттен Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілгендерге бір жолғы материалдық көмек төлеуге 17,8 млн. теңге бөлінсе, жекелеген санаттағы азаматтарға коммуналдық шығындарын өтеуге және үйлерін газдандыруға материалдық көмек көрсетуге 239,5 млн. теңге қаралды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы №753 «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» қаулысына сәйкес медициналық-әлеуметтік мекемелердің құрылысына биыл республикалық бюджет есебінен 4,5 млрд. теңге трансферт әлеуметтік саланың 3 нысанын салуға қаралды. Олардың қатарында 200 орындық ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі, 300 орындық психикалық-жүйке аурулар интернаты және 150 орындық оңалту орталығы бар.
Біздің басқарма тарапынан жұмыссыздықпен күрес бағытындағы жұмыстар биылғы жылы да заңды жалғасын табатын болады.