Жұмыстан шығып қалған жігіт кек алу үшін зауытқа бомба қойылды деп хабарлаған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жұмыстан шығарылған ақтаулық тұрғын басшысынан кек алу үшін полиция жалған ақпарат берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жыл басына бері терроризм актісі туралы жалған хабар беруге қатысты 2 дерек тіркелген. Мәселен, 17 шілдеде белгісіз ер адам полицияға құрылысы аяқталмаған зауыт нысанына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнын дереу қоршауға алып, жарылғыш затты залалсыздандыратын мамандар мен иісшіл иттермен тексеруге кірісті. Алайда, нысан аумағынан жарылғыш зат табылған жоқ. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру жүргізіп, 38 жастағы ер адамның жалған хабар бергенін анықтады. Күдікті Ақтау қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам бұрын сотты болған.

Соңғы 4 жылда Атырауда жұмыс істеген. Өзін жұмыстан босатқаны үшін басшысынан өш алу мақсатында жалған қоңырау шалғанын мойындады»6 -дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Қазір жалған ақпарат берген күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мектептен 170-ке жуық адам шұғыл

эвакуацияланғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар