Жұмысы тиімсіз деп бағаланған қызметшілердің лауазымы төмендетіледі - агенттік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Екі тоқсан бойы тиімсіз деп бағаланған қызметшілердің лауазымы төмендетіледі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдетуді тапсырған болатын. Осыған байланысты заңға өзгерістер енгізілді. Біріншіден, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған түлектеріміз аудан мен ауылда төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалатын болады. Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді. Бұл заң қабылданды. Биыл бітіретін түлектеріміз осы қағидамен жұмысқа орналасады», - деді ол агенттіктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, екіншіден «Б» корпусының жоғары лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындау мүмкіндігі беріліп отыр. Бұл бірінші басшылардың өз қызметшілері үшін жауапкершілігін арттырады.

«Үшіншіден, екі тоқсан бойы тиімсіз деп бағаланған қызметшілердің лауазымы төмендетіледі, ал төменгі бос лауазым болмағанда – қызметтен шығарылады. Бұл мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдетеді», - деді Дархан Жазықбаев.


Соңғы жаңалықтар
telegram