Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына жаңа ректор келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Белгілі актер Азамат Сатыбалды Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-те жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ресми түрде келісу рәсімдерінің барлығы тәмамдалған соң Азамат Сатыбалдының Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалғанын хабарлаймын. Отандық мәдениеттегі орны бөлек оқу ордасын басқаруда абырой мен сәттілік тілеймін», - деп жазды министр.

Айта кетейік, Азамат Сатыбалды бұған дейін Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызметін атқарып келді.

Азамат Сатыбалды 1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында туған.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014).

Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2002).

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.


Соңғы жаңалықтар