Жүргінші сатыларымен жүрген «BMW Х5» жүргізушісі айыппұл төледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Дондағы Ростов қаласында жүргінші сатысымен жүріп өткен BMW-Х5 көлігінің жүргізушісіне 2 мың рубль айыппұл салынды.

 Жүргінші сатыларымен жүрген «BMW Х5»  жүргізушісі айыппұл төледі

Қалалық полиция 23 ақпанда жолды қысқарту үшін жағалаудан Дон көшесіне бастайтын Ростов сатысына көтерілген ақ шетелдік автомобиль жүргізушінің кім екенін анықтады. Оны көріп ызаланған қала тұрғындары эпизодты видеоға түсіріп, YouTube видеохостингіне салып жіберген.

Қоғам тыныштығын бұзған адам 24 жастағы Мәскеу тұрғыны болып шықты. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп жазады informing.ru.