«Жүргізуші куәлігін сатып алдым» деп мақтанған қыздың емтихан сәтіндегі видеосы пайда болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат  - Полиция  «Жүргізуші куәлігін сатып алдым» деп мақтанған қыздың емтихан тапсырып жатқан кезіндегі видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі жолдаған бейнежазбада бойжеткеннің емтихан тапсырып жатқан сәтін көруге болады. Мамандардың айтуынша,  20 жастағы қыз бала 11 наурызда сынақтан өткен. Сондай ақ жолданған  бейнежазбада Әйгерім  емтихан шартына сәйкес, көлік жүргізеді.

 

Естеріңізге сала кетейік, «жүргізуші куәлігі» төңірегіндегі дау әлеуметтік желіде 12 наурызда басталды. Инстаграм желісіндегі парақшасында  бойжеткен «жүргізуші кәулігін сатып алдым» деп мақтанып жазып, әкесіне  алғысын білдірген еді. Бұл желі қолдаушылардың наразылығын тудырып, арты тексеріске ұласқан болатын.

Артынша тұрғын бұл әрекеті үшін полицейлерден кешірім сұрауға мәжбүр болды. Елді дүрліктірген жайт, әлі тексеріліп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Талғар қаласының 20 жастағы тұрғыны куәлік алу үшін сынақты қосымша дайындықтан өткеннен соң, екінші мүмкіндігінде ғана тапсыра алған. Одан соң «жүргізуші куәлігін сатып алдым» деп мақтанған қыз  полицейлерден кешірім сұрады .

Соңғы жаңалықтар