Жүргізуші куәлігін сатып алдым деп мақтанған қыздың мәселесі тексеріліп жатыр - ІІБ

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысы Ішкі істер департаменті әлеуметтік желіде жүргізуші куәлігін «сатып алғанына» мәз болған 20 жастағы қызға байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Еске сала кетейік, Instagram желісінде 20 жастағы бойжеткен өзіне «жүргізуші куәлігін сатып алып бергенін» айтып, осы үшін әкесіне алғысын жеткізген еді.  «Осы факті бойынша қызметтік тексерістер басталғаны рас. Талғар ауданында тұратын қыздың 2013-2015 жылдар аралығында жүргізушінің екі жылдық курсын оқығаны анықталып отыр», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бойжеткен куәлік алу үшін сынақты қосымша дайындықтан өткеннен соң, екінші мүмкіндігінде ғана тапсыра алған.

«Қазіргі кезде тексерулер жалғасып жатыр. Оның барысында барлық жағдайлар ескерілетін болады», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар