Жүргізушілер айыппұлды ХҚКО-да төлей алады - ҚР ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүргізушілер айыппұлды халыққа қызмет көрсету орталықтарында төлей алады. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

Жүргізушілер айыппұлды ХҚКО-да төлей алады - ҚР ІІМ

«Жол полициясына барып, құқық қорғаушылармен кездесудің қажеттілігі жоқ. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының кез келген бөлімшесі сіздерге қызмет көрсетіп береді. Қазіргі уақытта біз өзіміздің ААЖ-бақылау жүйемізді ХҚКО базасымен біріктірудеміз», - деді ҚР ІІМ министрінің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, бұндай жүйе қағазбастылықты азайтып, жемқорлықтың орын алуына жол бермейді. Сонымен қатар айыппұл төлеуге кететін уақытты да едәуір азайта алады.