14:02, 28 Сәуір 2014 | GMT +5
Жүргізушілерге полицейлермен арадағы әңгімені таспаға жазуға болады - Ішкі істер министрі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жүргізушілер полиция қызметкерімен арадағы әңгімені бейне таспаға түсіре алатынын айтты.
Брифинг барысында «жүргізушілер полицеймен арадағы әңгімені ұялы телефонға жаза ала ма?» деген тілшілердің сауалына Қ. Қасымов бұндай әркетке тыйым салынбайтындығын атап өтті.
«Неге болмайды? Жазсын. Ешкім ешқандай тыйым салмайды. Алайда, біздің қызметкерлерге бұл тек прокурордың санкциясымен рұқсат етіледі», - деді министр.