Жүргізушілер төрт облыс жолдарында сақ болғаны жөн - Қазавтожол
KAZINFORM - Бүгін Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар жаууы ықтимал, деп хабарлайды Қазавтожол.
Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.
-Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз, -делінген хабарламада.
Осыған дейін елдегі қандай автожолдарда көлік қозғалысына шектеу бар екені туралы жаздық.