Журналист Л. Ахмедьяровқа қастандық жасаған күдіктілер ұсталды - ІІМ

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат -«Уральская неделя» газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяровқа шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында  ведомство баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын хабарланғандай, Оралда 19 сәуір күні сағат 22:10 шамасында «Уральская неделя» газетінің тілшісі, 1975 жылғы Лұқпан Ахмедьяровқа (Молодежный көшесі 1/3 мекенжайындағы үйі маңында) белгісіз біреулер әлденеше рет пышақ сұғып, болжам бойынша «ОСА» травматикалық пистолетінен екі рет оқ атты. Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Л.Ахмедьяров жедел жәрдем көлігімен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл медициналық көмек жасалды. Осыған орай, ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлімі және 96-бабы 1-бөлімі (қасақана адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.

Ал көршілер берген ақпаратқа сәйкес, журналистке 5 шақты адам жабылып, ұрған.

«Жедел-тергеу тобы қылмыстың орын алуына қатысты барлық болжамдар бойынша жұмыс істеуде. Осындай бір нұсқаларды тексеру  барысында аталмыш қылмысты жасаған деген күдікпен бірқатар адам қамауға алынды. Біз бұл ақпаратты растаймыз», - дейді Н. Ораз.

Соңғы жаңалықтар