Журналист Л.Ахмедьяровқа шабуыл жасағандар ұсталып, ақын Б.Халиоллаға қатысты факті расталмады - прокуратура

облысының 4 тұрғыны құрықталып, оның екеуі қамауға алынды және екеуі уақытша ұстау изоляторынан босатылып, кейін оларға ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау бұлдыртпау шарасы қолданылады.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қолда бар мәліметтер қылмыстың саяси астарының жоқтығын тағы да бір дәлелдейді.
Қазіргі уақытта іс бойынша орын алған қылмыстың мән-жайын, соның ішінде дәлелін анықтауға қатысты жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Істің жай-жапсары тергеудің мүддесіне орай жарияланбайды.
«Уральская неделя» апталық газетінің 10 мамыр күнгі санында тілші Лұқпан Ахмедьяровтың ақын Бауыржан Халиоллаға мамыр айының 7-нен 8-не қараған түні шабуыл жасау фактісі туралы ақпараты жарық көрген.
Осы факті бойынша Орал қалалық ішкі істер басқармасы тергеуге дейінгі тексеру әрекеттерін жүргізу барысында Б.Халиолла өзіне шабуыл жасау фактісін жоққа шығарып, БАҚ-қа жариялау үшін материал бермегендігін түсіндірді. Мамырдың 7-сінен 8-не қараған түні ол үйінде болып, ешқайда шықпаған. Жедел медициналық жәрдем шақырылмағаны анықталды. Көзбен шолып қарау және медициналық куәландыру барысында Б.Халиоллада қандай да бір дене жарақаттары болған жоқ.
Тексеру нәтижесінде ақын Б.Халиоллаға шабуыл жасау фактісі өз дәлелін таппады.