Журналист Сальвадор президенті атанды

САН-САЛЬВАДОР. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат – Сальвадорда өткен президенттік сайлауда Фарабундо Марти атындағы Ұлт-азаттық майданының кандидаты журналист Маурисио Фунес жеңіске жетті.
None
None
Фунес үшін сайлаушылардың 51,27 пайызы дауыс берді. Ал Ұлттық республикалық альянстың кандидаты Родриго Авила сайлаушылардың 48,73 пайызының дауысын жиған. ҚазАқпарат бұл туралы «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Жақтаушыларының алдына сөз сөйлеген Фунес, бұл жеңістің Сальвадордың барлық демократиялық күштерінің жеңісі екенін мәлім етті. «Біз елдің барлық саяси күштерімен бірлесе отырып жаңа демократиялық Сальвадор үшін күресетін боламыз», - деп мәлім етті ол.
Соңғы жаңалықтар
Референдум