Журналистер өзінің жауапты ісіне үнемі сеніммен, шынайы қызмет етті - Б.Атамқұлов

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан журналистері елдің басқа өңірлері сияқты барлық мемлекеттік құрылымдар мен құқық қорғау органдары өкілдерінен құттықтау қабылдады.
None
None

«Кәсіби мерекелеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Журналистер еңбегі өте күрделі әрі қызықты мамандық. Олардың қолдарында тұтас халықтың тағдырын өзгерте алатын қуатты қару бар. Журналист шығармашылық пен талдау синтезі. Оңтүстікқазақстандық БАҚ өзінің жауапты ісіне үнемі сеніммен, шынайы қызмет ететін лайықты атаққа ие болып отыр», - деді құттықтау сөзінде ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов.

Облыс басшысы журналистерге денсаулық, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.

 

 

Соңғы жаңалықтар