16:50, 25 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Журналистерге «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсы келер жылдың ақпанында басталады
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - БАҚ пен мәдениет қызметкерлеріне арналған «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсы келер жылдың ақпанында басталады. Бұл туралы бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті Ғани Нығыметов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, бұған дейін «Болашақ» стипендиясы 5 санат бойынша, атап айтқанда, шетелдік ЖОО-ларға өз бетімен түскендерге, мемлекеттік қызметкерлерге, педагогтарға, ЖОО түлектеріне беріліп келген. Сонымен қатар медициналық, ғылыми-педагогикалық және инженерлік-техникалық қызметкерлерге тағылымдамадан өту үшін тағайындалып келген.
«Стипендияға үміткер журналистердің 1 жылдық жұмыс өтілі және дипломы 4 балдан кем болмауы тиіс. Дәл осындай талап мәдениет қызметкерлеріне де қойылады. Байқау шамамен 2014 жылдың ақпанының соңында басталады. Барлық ақпарат орталықтың сайтында қолжетімді болады», - деді Ғ.Нығыметов.