17:49, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
Журналистке арналған жарқын кеш
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Сыр журналистикасында өзіндік орны бар қаламгер Байжігіт Әбдіразақовтың туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Шараға марқұмның жары Жақсыбике апа мен журналист-жазушымен қызметтес болған, журналистік өмірдің ащы-тұщысын бірге татқан қаламдас достары, шығармашылыққа жаны жақын жастар шоғыры қатысты. Кеш барысында қаламгерлер жайында естеліктер айтылды, автордың "Күй сыры" және "Он төртінші перзент" шығармаларынан үзінділер оқылды.