Жүрсін Ерман, Маржан Арапбаева, Самат Смақов сынды танымал адамдар «Нұр Отан» қатарына қосылды

Сонымен, бүгін партия қатарына ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман, белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Серік Ақсұңқарұлы, жас ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин, көсемсөзші Ауыт Мұқибек, Қазақстанның ең үздік футболшыларының бірі Самат Смақов, қақпашы Давид Лория, «Түйе балуан» жарысының жеңімпазы Жұманазар Ерсұлтан, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Керімбаев, эстрада әншісі Маржан Арапбаева, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының (Астана) актері, ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты Нұркен Өтеуілов, 2015 жылғы сайлауда Президенттің сенімді өкілі болған, «Global Eagles» ЖШС Бас директоры Дастан Нүскенов пен БАҚ өкілдері - «Қазақстан» РТРК АҚ» Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалы - «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының бас директоры Уәли Қыдыр мен «Қазақстан» ұлттық телеарнасы шығармашылық бірлестігінің редактор- жүргізушісі Ирина Тен қосылды. Айта кетейік, Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазақстанның барлық өңірінде партия қатарына қабылдау салтанаты өтіп жатыр. Қазіргі уақытта «Нұр Отанға» барлығы 868 мыңнан астам адам мүше болған.