Жүйелік ақауға байланысты Жапонияның H3 зымыраны ғарышқа ұшпай қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Жапония сәрсенбі күні ұлттық «Митибики-5» жерсерігін ғарышқа алып ұшуы тиіс болған H3 зымыранының ұшырылуын шұғыл түрде тоқтатты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.

Жүйелік ақауға байланысты Жапония H3 зымыранының ұшырылуын тоқтатты
Фото: Синьхуа

Ұшыру алаңында жасалған хабарландыруға сәйкес, старт жерүсті жүйелеріндегі ақауға байланысты кейінге қалдырылған.

Қазіргі уақытта Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігі (JAXA) және басқа да тиісті тараптар жағдайдың мән-жайын тексеріп, оқиғаның себептерін анықтап жатыр.

Еске сала кетсек, келесі жылы Өзбекстан мен Қытай бірлесіп, ғарышқа спутник ұшырады.

Ал ғарышта ұзақ уақыт қалып қойған тайконавтар қараша айында Жерге аман-есен оралды.

Соңғы жаңалықтар