Жүз бір жасқа келген кейуанаға жеке куәлік табыс етілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Облыс тарихында бірінші рет Қызылорда қаласындағы АХАЖ бөлімінде 101 жастағы кейуанаға жеке бас куәлігі берілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында Қызылорда қаласының іргесіндегі Тасбөгет кентінің тұрғыны Қыздарайым Аяпова әже 101 жасқа толды. Ол 90 жасқа толғанында еліміздің басқа да азаматтары секілді жаңа жеке бас куәлігін алған болатын. Ғасырдан артық жасаған Қыздарайым әженің, сұрапыл соғыс жылдарында шетінегендерін есептемегенде, 5 баласы бар. Үлкен ұлы Доқтырбай 55 жаста болса, қолындағы кенже баласы Төребай 42 жаста. Осы 5 баладан 23 немере сүйіп отыр. Ол өзін бақытты әже санайды. Бәлкім, оның осыншама ұзақ жасауының сыры мен құпиясы да осында шығар.
Соңғы жаңалықтар