12:53, 01 Қаңтар 2014 | GMT +5
Жүздеген павлодарлық жетім балалардың тілектерін орындаған Аяз аталарға айналды
АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының маңындағы Кенжекөл ауылында орналасқан отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілері Аяз атаға хат жазып, одан қандай сыйлықтар күтетінін айтқан.

Бұл хаттарды Павлодардағы волонтерлік қозғалыстардың бірінің көшбасшысы Лариса Андреева ғаламторға жариялаған. «Жүздеген қалалықтар, Қазақстан мен Ресей тұрғындары бұған бейжай қарамай, оларға әсер еткен балалардың хаттарын таңдап алып, сыйлықты сатып алуға қажет ақшаны салып жіберген», - деді Л.Андреева.
Балалар үйінің 65 тәрбиеленушісінің бәрінің арманы орындалды. Балалар Аяз атадан компьютерлік планшеттер, ұялы телефондар, велосипедтер мен конькилер, шаналар мен қуыршақ сияқты сыйлықтарға ие болды.
Еріктілер павлодарлық басқа да балалар үйлері тәрбиеленушілерінің сыйлықтарын да таратты, деп жазылған әкімдіктің ресми сайтында.