Жүзуден Қазақстан командасы Түркия чемпионатында бақ сынайды

жүзу
Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Жүзуден Қазақстан командасы ересектер арасындағы Түркия чемпионатында сынға түседі.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәлемітінше, әйелдер арасында Диана Тасжанова, София Сподаренко, Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, Даниела Дю жарыс жолына шығады. 

Ерлер арасында Әділбек Мусин, Арсен Қожахметов, Егор Василенко, Максим Сказовцов, Даниил Черепанов, Егор Попов жүлдеге таласады. 

Түркия біріншілігі 2-4 мамыр аралығына жоспарланған. 

Айта кетейік, бұған дейін жүзуден Қазақстан командасы Испанияда оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын. Жаттығу жиыны үш аптаға созылды. 

Еске салсақ, бүгін елордада шайбалы хоккейден Qazaqstan Hockey Open турнирі басталады. 

 

Соңғы жаңалықтар