Бүгін елордада шайбалы хоккейден Qazaqstan Hockey Open турнирі басталады

Қазақстан құрамасы
Фото: icehockey.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Астанада шайбалы хоккейден Qazaqstan Hockey Open турнирі жалауын көтереді. Оған Қазақстан, Ресей және Беларусь құрамалары қатысады. 

Ел құрамасы 10 сәуірден бастап елордада өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындыққа кіріскен болатын. Оқу-жаттығу жиынына шетелдік және отандық клубтарда ойын көрсететін хоккейшілер шақыру алған. 

Халықаралық турнир 2-4 мамыр аралығында өткізіледі. Қазақстандық хоккейшілер 2 мамырда Ресей, 3 мамырда Беларусь құрамаларымен кездеседі. 

Ал, әлем чемпионаты 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді. Топтық кезеңде ұлттық құрама АҚШ, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция және Польшамен сынға түседі.

Былтыр қазақстандық хоккейшілер элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.

Сондай-ақ бүгін шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы орнын сақтап қалу үшін Қазақстан құрамасы жұбаныш ойынында Норвегиямен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар
telegram