Жүзуші Әділбек Мусин Франциядағы турнирде екінші орын алды
АСТАНА. KAZINFORM - Францияның Канет қаласында өтіп жатқан жүзуден халықаралық турнирде қазақстандық Әділбек Мусин күміс жүлдегер атанды.

Халықаралық турнирде баттерфляй әдісімен 100 метрге қашықтыққа жарысудан ол екінші болып келді. Бас жүлде франциялық Максим Груссеге бұйырса, үздік үштікті сол елдің тағы бір өкілі Клемент Секки түйіндеді. Олардың екеуі де Париж Олимпиадасында қола жүлдегер атанған.
Жарысқа әлемнің 53 елінен 609 спортшы келді.
Әділбек Мусин 1999 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін 2018, 2022 жылдарда Азия ойындарында қола жүлдеге қол созса, 2021 жылы универсиадада сол жетістігін қайталады.
Еске салсақ, ол бұдан бұрын Испаниядағы турнирде медальға бір қадам жетпей қалды.
Ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден финалда төртінші болып келді.
Айта кетсек, ол баттерфляй әдісімен 50 метр қашықтықта Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатында 23,36 секунд нәтиже көрсетіп, еліміздің үздік нәтижесін жаңартты.