21:40, 22 Мамыр 2025 | GMT +5
Жүзуші Әділбек Мусин Испаниядағы турнирде медальға бір қадам жетпей қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазіргі уақытта Барселона (Испания) қаласында жүзуден ірі халықаралық турнир өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті жазды.

Бірінші күні Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Әділбек Мусин көрсетті. Ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден финалда төртінші болып келді.
Төменде А және В финалдарында өнер көрсеткен спортшыларымыздың нәтижелері келтірілген:
Ксения Игнатова - 200 метрге арқамен жүзу, 8-орын
Ксения Игнатова - 50 метрге арқамен жүзу, 16-орын
Арсен Қожахметов - 50 метрге брасс әдісімен, 15-орын
Софья Сподаренко - 50 метрге баттерфляй әдісімен, 10-орын
Максим Сказобцов - 100 метрге баттерфляй әдісімен, 14-орын
Еске сала кетейік, бұған дейін жүзуші Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартқан болатын.