Жыл басынан әлемнің ірі банктері $465 млрд арзандады
2016 жылдың басынан әлемнің 20 ірі банкі өзінің нарықтың құнының төрттен бір бөлігін жоғалтты, бұл шамамен $465 млрд тең, деп жазды The Wall Street Journal FactSet сараптамалық компаниясының мәліметтеріне сілтеме жасап.
Басылымның бағалауынша, басты шығындар италиялық UniCredit банкінде байқалады. Оның нарықтық капиталдануы шамамен үштен екі бөлікке дейін төмендеді. Royal Bank of Scotland құны 56%, ал Credit Suisse, Deutsche Bank және Barclays шамамен екі есеге арзандады, деп хабарлады РБК.
Нарықтық капиталдандыруда жақсы көрсеткіштер J.P. Morgan Chase пен Қытайдың өнеркәсіптік және коммерциялық банкінде. Олар доллар эквивалентінде өз құнының 10%-ын жоғалтты. Жергілікті валюталармен бағалағанда қарастырылған барлық 20 банктің акциялары соңғы жылда төмендеген. Бұл тұрғыда британиялық Standard Chartered банкі ерекшеленді, оның фунттағы құны өзгермеді.