Жыл басынан бері 11 мың босқын Жерорта теңізі арқылы Еуропаға жеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың басынан бері Жерорта теңізі арқылы 11 мыңнан астам босқындар Еуропаға жеткен, деп хабарлады РИА Новости Халықаралық көші-қон орталығына сілтеме жасап.
None
None

Бұған дейін көші-қон орталығы 2016 жылы Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өткісі келген 5 мың мигранттың қаза тапқанын, 363 мың адамның Еуропа елдеріне жеткенін хабарлаған еді.

Соңғы деректер бойынша, биылғы 5 ақпанға дейін 11010 босқындар мен мигранттар Еуропаға өткен, оның 85% - Италияға, қалғаны - Грекияда қалған. Өткен жылы дәл осындай кезеңде Еуропаға 74808 адам өткен еді.

Ұйым 255 мигранттың жолда қаза тапқанын және олардың түрлі бағытқа бет алғанын анықтады.

Жұма күні Мальтада өткен ЕО мемлекет басшыларының саммиті Орталық-Жерорта жолдары арқылы мигранттардың ЕО-ға заңсыз келуін тоқтату үшін Ливияға көмек беру туралы шешім қабылдады. Бұл бағыт бойынша 2016 жылы Еуроодаққа 181 мыңнан астам адам келген. Ал теңізде қаза тапқан және жоғалғандар саны 2013 жылдың рекордын бұзды. 2017 жылдың алғашқы екі айында да 200-ден астам адам мерт болып үлгерді, делінген құжатта. Қазір Ливия Орталық-Жерорта теңізі арқылы мигранттар өтетін негізгі ел болып отыр.

Соңғы жаңалықтар