Жыл басынан бері 35 науқастың жүрегіне ота жасалды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО кардиологиялық орталығында биыл жыл басынан бері 35 науқастың жүрегіне ота жасалды.
None
None

Аталмыш аурухананың кардиохирургі Руслан Аюповтың айтуынша, соның ішінде 25 адамға коронарлық шунттау жасалды. Сондай-ақ 10 адамның қан тамырлары кеселі алынды. Ота жасау кезінде өміріне үлкен қауіп төнуі мүмкін болған науқастар Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталыққа жіберіледі.

2013 жылы БҚО кардиологиялық орталығында жүрекке барлығы 148 ота жасалса, соның 104-і жоспарлы, ал 44 емделуші шұғыл жатқызылды. Қан тамырлары аурулары бойынша 74 ота жасалды. Бір жылда жүрек сырқаты бар 931 адам қабылданды. Бұл ретте әсіресе, жүкті әйелдерге ерекше көңіл бөлінеді.

«Елбасы Жолдауында айтылғанындай, ең басты мақсат - адам өмірін барынша ұзарту», - деді Р.Аюпов.

Соңғы жаңалықтар