Жыл басынан бері 493,1 мың көпбалалы отбасы жәрдемақы алды

Аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасыларға беріледі. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланады және биыл әр балаға - 12 252 теңге.
«Көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнетақы мен жәрдемақыны инфляцияға сай индекстеу үшін қосымша 111 млрд. теңге бөлінетінін айтқан болатын.