Жыл басынан бері 650 дәрігер біліктілігін арттырды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биыл Қызылорда облысында 550 дәрігер мен 1300 орта медициналық маманды оқытуға жіберу жоспарланған болатын.
None
None

Бірінші жартыжылдықтың өзінде 650-ден астам дәрігер мен 2000-нан астам орта медицина қызметкері өз біліктілігін арттырудан өтті, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Нәтижесінде бір жылда бірінші санаттағы дәрігерлер үлесі 21-ден 30 пайызға дейін өсті. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады. Негізгі мақсат - дәрігерлерге соңғы технологияларды меңгертіп, науқастарды емдейтін мамандарды дайындау.

Осы мақсатта А.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығымен, сондай-ақ Қазақ медициналық университетімен үздіксіз білім беру жөнінде әріптестік байланыс орнатылған. Қазіргі таңда мамандар хирургияның трансплантология секілді қиын бағытына да оқытылып жатыр.

Сонымен бірге халықаралық стандарт жөніндегі кадрлар дайындауда оқыту сапасын көтеру үшін жұмыстар жасалуда. Биыл алғаш рет 115 инженер-педагог Беларусь елінің үздік оқу орталықтарында өз білімдерін жетілдірді. Сондай-ақ 3 колледждің өкілдері Білім және ғылым министрлігінің Дүниежүзілік банк желісі бойынша грантын жеңіп алып, Франция мен Германияда қайта даярлаудан өтуде.

Соңғы жаңалықтар