Жыл басынан бері БЖЗҚ байланыс орталығының консультанттары 62 мың қоңырау қабылдаған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алғашқы жартыжылдықта бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) байланыс орталығының консультанттары 62 мың қоңырауға жауап берген. Бұл жайында «БЖЗҚ» АҚ сервис және сапаны бақылау департаментінің директоры Ринат Самбаев мәлімдеді.
None
None

Қор клиенттеріне ыңғайлы болу үшін байланыс орталығының ұзақ номерін «1418» цифрларына ауыстырды.

«ҚР кез келген мобильді байланыс операторы абоненттерінен және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін. Байланыс орталығына күн сайын таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін хабарласуға болады», - деді Р.Самбаев. Сондай-ақ, департамент директоры азаматтардың байланыс орталығына enpf.kz сайты арқылы хабарласып, электронды пошта, әлеуметтік желі немесе онлайн-чат арқылы қызмет ала алатынын жеткізді.

Алайда, телефонмен консультация беру қызмет көрсетудің ең көп тараған түрі болып қалуда. Байланыс орталығы ашылғалы операторлар 240 мың өтінішке жауап берген.

«Жиі қойылатын сұрақтар арасында - жинақты алу, жинақтағы салық салу тәртібі, зейнетақы жинағы туралы ақпарат көшірмесін алу және міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы сұрақтар бар», - дейді департамент басшысы.

Жинақ сомасы және жарна көлемі секілді құпия ақпараттар телефон арқылы айтылмайды.

Байланыс орталығының бұрынғы нөміріне үйренген тұтынушылар үшін әдеттегі 8 800 080 11 77 нөмірі жұмыс істеп тұр. 

Соңғы жаңалықтар