11:18, 15 Қараша 2011 | GMT +5
Жыл басынан бері екінші деңгейлі банкттер депозиті 16,7 пайызға өсіп, 8,6 триллион теңгені құрады - Данияр Ақышев
ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жыл басынан бері екінші деңгейлі банкттер депозиті 16,7 пайызға өсіп, 8,6 триллион теңгені құрады.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев мәлім етті
«Тұтастай алғанда банк секторындағы ахуал тұрақты. Жыл басынан бері кредиттеу біршама өсіп, 8,4 триллион теңгеге жетті», - деді ол.
Оның айтуынша, қазіргі таңда банктердің сыртқы қарызы азайғандықтан, олардың негізгі қоры ішкі депозиттер болып табылуда.
«Жыл басынан бастап депозиттер 16,7 пайызға өсіп, 8,6 триллон теңге болды. Халықтың салымдары 2,6 триллион теңгеге дейін өсті», - деді Д.Ақышев.