15:24, 05 Қазан 2012 | GMT +5
Жыл басынан бері еліміздің жалпы ішкі өнімі 5,6 пайызға өсті - Серік Ахметов
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері еліміздің жалпы ішкі өнімі 5,6 пайызға өсті.

Бұл туралы бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті.
«140 елдің ішінде Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілігі индексі бойынша 21 сатыға жоғарлап, 51-ші орынға ие болды. Еуроаймақтағы дағдарыстың тереңдеп, Еуроодақ елдері мен АҚШ-тағы экономикалық даму қарқыны бәсеңдеп жатқан уақытта бұл біздің бағытымыздың дұрыстығын дәлелдейді», - деді Премьер-Министр.
«Жыл басынан бері еліміздің жалпы ішкі өнімі 5,6 пайызға өсті», - деп түйіндеді Үкімет басшысы.