Жыл басынан бері елордада 7 603 адам коронавируспен ауырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы тәулікте Covid-19 инфекциясының 112 жағдайы тіркелді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы тәулікте Covid-19 инфекциясының 112 жағдайы тіркелді. Жыл басынан бері елордада коронавирус инфекциясымен 7 603 адам ауырды. Қаңтарда 3 763 адам, ақпанда 2 811, наурызда 1 029 адам ауырды. ПТР тестінің теріс нәтижесімен Covid-19 болып ауырғандардың саны – 96. Қаңтар айында 55, ақпан айында 28, наурыз айында 13 жағдай тіркелді», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, науқастармен байланыста болған адамдардың үлес салмағының динамикалық өсу көрсеткіші ақпан айында 45%, наурыз айында 49% болған.

«Бұл - адамдар аурудың алдын алу шараларын сақтамайтынын білдіреді. Қазіргі уақытта қалада 912 жұқтыру ошағы бар. Онда науқаспен байланыста болған 2 500 адам бақылауда», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада Covid-19-бен сырқаттану деңгейі 9,9%-ға артқаны туралы жаздық.


Соңғы жаңалықтар