Жыл басынан бері Есіл ауданының прокуратурасына 44 кәсіпкер шағым түсірген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында Астана қаласы, «Есіл» ауданының прокуратурасы бірқатар шараларды қолға алуда. Бүгін құзырлы органның өкілдері кәсіпкерлермен кездесіп, мемлекеттік органдар тарапынан қандай тексерулер заңды, ал, қандай әрекеттер заңсыз екенін түсіндірді.
None
None

«2014 жылы желтоқсанда ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет жүргізуге оңтайлы жағдай жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қол қойған болатын. Бұл өзгерістер еліміздегі кәсіпкерлікі дамытуға жаңа серпін берді. Сонымен қатар, «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңның 16-бабы, 6-тармағы, 1-тармақшасына сай, қазір мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жыл бойы шағын кәсіпкерлік субъектісіне жоспарлы тексеру жүргізуге тыйым қойылды », - дейді Астана қалалық құқықтық статистика және арнайы есептер басқармасының аға прокуроры Назар Қапезов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлермен тікелей байланыс орнату үшін басқарманың «pravstat.kz» сайтында «Бизнестің тірегі» атты арнайы бағдарлама іске қосылған.

«Кез келген кәсіпкер кәсібіне заңсыз тексеру жүргізді деген күдік болса, «Бизнестің тірегі» бағдарламасын пайдалана отырып, бұл жайт туралы прокуратураға хабарлай алады.Болмаса, «Есіл» ауданының прокуратурасы іске қосқан 1012 нөміріне қысқа хабарлама жіберіп, құзырлы органды құлағдар ете алады. Жалпы, жыл басынан бері мемлекеттік органдардың «күдікті» тексерулер туралы прокуратураға кәсіпкерлер тарапынан 44 өтініш түскен»,-деп түйіндеді сөзін ол.

Соңғы жаңалықтар