Жыл басынан бері есірткі жарнамалаған 1 600 сайт бұғатталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері есірткі жарнамалайтын 1 600-дей сайт бұғатталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Жыл басынан бері есірткі жарнамалайтын 1 600-дей сайт бұғатталды. Әрине, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ сияқты оның орнына басқасы шығады. Сайттарды бұғаттау үшін арнайы құзырлы органдарға жібереміз, бұғатталады. Telegram-да боттар арқылы да есірткі сатылады, ал домендік аймағы көбіне шетелде болады. Мысалы, біздің кибер ІТ мамандарымыз телефон шалса, көбіне ресейлік, болмаса басқа шетелдің телефон нөмірін береді. Олардың домендік аймақтары шетелде болғандықтан, бұғаттау мүмкін емес», - деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Басқарма бастығының айтуынша, қазіргі уақытта шетелдік месенджерлерден Қазақстанда өкілдіктерін ашу талап етіліп отыр.

«Өйткені, олар құқыққа қарсы контенттерді анықтауға көмек көрсетуі тиіс», - деді Бақытжан Әмірханов.


Соңғы жаңалықтар