Жыл басынан бері инвестициялық омбудсменге инвесторлардан 30-ға жуық өтінім келіп түсті - Ә. Исекешев

«Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 30 өтінім келіп түсті, олардың ішінде 15 өтінім бойынша мәселе инвесторлардың пайдасына шешілді», - деді Ә.Исекешев «Инвестицияларды сақтаудың институционалды тетіктерін жетілдіру. Инвестициялық даулар мен арбитраж туралы ҚР заңнамасының новеллалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында.
Оның айтуынша, инвесторлар көбіне салық, кеден, еңбек заңнамасы саласында, сондай-ақ жер қатынасы және лицензиялау саласындағы мәселелерге тап болады.
Министрдің мәліметінше, 2015 жылға инвестициялық омбудсменге 60-ға жуық өтінім келіп түскен, олардың 39-ы мәселелердің оң шешімін тапты, деп жазады primeminister.kz.
«Омбудсменнің мақсаты - мәселені сотқа дейін қарау, бұл мәселелерді сотпен арбитражға дейін жеткізбеу. 11 өтініш соттың айналысуына байланысты омбудсменнің қарауынан алынып тасталды, ал қалғанымен жұмыс жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді ол.
Ә.Исекешев 2005 жылы Қазақстанға 200 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын, оның 20 млрд доллары өңдеу секторына тартылғаны туралы ақпараттандырды.