Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс көрсеткіші 27 пайызға төмендеді

Айта кетерлігі, соңғы жылдары бала құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар заңнамалар қабылданған. Мәселен, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болғаны үшін мекеме иесін жауапкершілікке тарту, сонымен қатар, балаларға қатысты нәпсіқұмарлық әрекеттерге барғандар үшін жаза да қатайтылған. Қылмыстық саясатты ізгілендіру үшін ұрлық, тонау және бопсалау қылмыстарына қатысты жазаға тарту жасы 14-тен 16 жасқа дейін ұзартылған.
«Қабылданған шаралар нәтижесінде соңғы он жылда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс орташа алғанда алты пайызға төмендеп отыр. Ағымдағы жылдың алты айында төмендеу деңгейі 27 пайызды құрады. Соның ішінде кәмелетке толмағандардың ауыр және аса ауыр қылмыс жасау көрсеткіштері айтарлықтай азайды, мәселен кәмелетке толмағандардың кісі өлтіру қылмысы 5 есеге, тонау 4 есеге, денсаулығына ауыр залал келтіру мен зорлық 3 есеге төмендеді», - деді Әсет Оспанов.