Жыл басынан бері Қазақстанда 20-дан астам бала суға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті қазақстандықтарды су қоймалары маңында демалыс барысында балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырды.
None
None

«Бізде өткен аптада Алматы облысында екі қайғылы оқиға орын алды. Екі бала өздерінің үйлері ауласындағы су құйылған ыдыстарда суға батты. Бұл нені білдіреді? Менің ойымша, бұл ретте ата-аналардың немқұрайлылығын байқауға болады. Жалпы, жыл сайын еліміз бойынша су қоймаларында 100-ге жуық бала қайғылы оқиғаға тап болады. Биылдың басынан бері республика бойынша 20-дан астам бала суға батты», - деді аталған комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ТЖК бөлімшелері, жедел-құтқару отрядтары білім беру басқармаларымен бірлесе жыл басынан бері мыңнан астам баланы суда жүзеге үйретті.

Соңғы жаңалықтар