Жыл басынан бері Қазақстанда 200 млрд. теңгеге электронды чектер басылды - Д. Ерғожин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстанда 200 млрд. теңгеге электронды чектер басылды. Бұл туралы бүгін Астанада инвестициялық Омбудсмен қызметіне арналған дөңгелек үстелде Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті.
None
None

«Жақында біз мәліметтерді жіберіп тұратын функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолданысқа енгіздік. Бизнес тарапынан көптеген қарсылықтар болды. Біреулерге ол қымбат болды. Бүгінде кәсіпкерлер бұл міндеттемелерді орындауға келіскендей, жай-жайлап көшіп жатыр. 2015 жылдың 9 қазанындағы жағдай бойынша, электронды чектер 200 млрд. теңгеге басылып шығарылған. Яғни, xалық ақырын осы кассалық жүйеге үйренісіп келеді», - дейді ол.

Оның айтуынша, ол көрсеткіш болашақта өсе беретін болады.

«Себебі қосылып жатқан аппараттар күн өткен сайын көбеюде. Одан кейін біз pos-терминалдарға көшеміз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар